Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Ақорданың хабарламасына сәйкес, Марат Ирменов жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрын атқарған лауазымынан босатылды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін Ермек Сағымбаев басқарған. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол аталған қызметтен босатылды.
Марат Ирменов бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2025 жылғы 25 қазанда тағайындалған. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры шеніне ие.