$ 455
€ 498.77
₽ 5.56

Тоқаев Ливан басшысын мерекемен құттықтады

Редактор
22.11.2026, 12:04
Ақорда
Ақорда
Тоқаев Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Джозеф Халил Аунды және ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz..

Құттықтау жеделхатында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ливан арасындағы берік достық пен өзара түсіністікті атап өтті.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да екі халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президентіне мемлекеттік қызметіне табыс, ал ел тұрғындарына бақыт пен бақ-береке тіледі.