TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Редактор
12.06.2025, 16:00
TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған

Алматыда TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.

Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.

Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.