Экс-депутат, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевтан ұлы бар Ынташ Наурызова TikTok-та ұлы екеуінің халық арасына таныла бастағанын айтып, қуанышын жеткізді, деп жазады bairaqmedia.kz.
"Бүгін сот орындаушы уақыт шектеулі, счет қашан жібересіз деп ренішін білдіргесін, қой, не отырыс алиментті тездетіп алып ақшаның астында қалайын деп банкке бардым. Жалпы, балам екеуіміз қайда жүрсек те назардан тыс қалмаймыз, шүкір.
Кезегіміз келіп счет аштырып отырғанымда банктың бір қызметкері жымиып біз жаққа келіп "сіздерді танимын, тик-токтан көремін" деп ұлыма жақсы ниетін білдірді. Сөйтсем, көбі танып отыр екен",- дейді ол.
Ынташ Наурызова халық өзін қолдап жатқанын, енді болашағына еш алаң жоқ екенін айтты.
"Жасыратыны жоқ, еңсем аздап басылып жүрген соң ба, абдырап қалдым.Бірақ іштей риза болып қуанып отырдым.
Содан дүкенге соғып үйге келдік. Жолда да бірнеше адам "тик-токтағы қыз емессіз ба?! сізді қолдап лайк басамыз" деген еді. Менің түрімде дым эмоция жоқ. Көкбет екен деп ойлап қалған болар
Бүгін жерлестерімнің жылы лебізін көріп, естіп болашағымыз үшін қатты алаңдаудың қажеті жоғын түсіндім. Осындай мейірімді жандар барда ұлым екеуімізді жарқын өмір күтіп тұр деп сенемін. Барлығы Алланың арқасы. Аллаға сансыз шүкір!",- деп жазды ол.