Жантүршігерлік оқиғаның видеосын Egovpress Telegram-арнасы жариялады.
Оқиға Теміртауда болған. Кәмелетке толмаған жігіттер жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіру үшін өздерін электрик ретінде таныстырған. Есік ашылған соң, оны ұрып-соққанымен қоймай, бетіне түкіріп, балағат сөздер айтқан. Видеодан зейнеткердің қорғануға тырысқанын байқауға болады.
Қарағанды облысының полиция департаменті Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына шабуыл жасаған жасөпірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, Теміртау қалалық полиция басқармасының Шығыс бөліміне жеткізілді. Қазір қажетті тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.
Сондай-ақ, жасөспірімдерге дұрыс тәрбие бермегені үшін заңды өкілдері де жауапқа тартылмақ. Қарияны ұрып-соққандардың бәрі профилактикалық есепке алынған. Тергеу барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.