Абай облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Кеше Қарақол өзенінің үстінен өтетін көпір опырылып, 3 адам суға ағып кеткен. Өкінішке қарай, бүгін үшеуінің де қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Tiek telegram-каналына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындары таратқан дерекке сүйенсек, 2 азамат мал іздеуге шығып, өткелден мотоциклін өткізбек болған. Ал, үшінші адам оларға көмектеспек болған көрінеді.
Кейін оларды іздеу жұмыстары басталыпты. Іздеу шарасына 12 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) жеке құрамы, 18 полиция қызметкерлері, 25 аудандық әкімшілік қызметкерлері, 110 волонтер тартылды.
Көп ұзамай суға құлаған 3 азаматтың да қайтыс болғаны белгілі болды деген ақпарат тарады.
Құтқарушылар Қаракөл өзенінен марқұмдардың денесін алып шыққан. Олар: 1) Паль Василий Владимирович;18.09.1980; 2) Бобко Юрий Андреевич 15.09.1978; 3) Қаймолдинов Бөкейхан Кабирович 02.10.1967, - деп жазды Tiek telegram-каналы.