$ 489.33
 566.3
 6.74

Тарих пен табиғатты тоғыстырған бастама: Іле жағасында ауқымды экологиялық акция өтті

Редактор
20.04.2025, 03:17
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысында «Ескерткіш — ел тарихы» атты кең ауқымды экологиялық акция өтті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы облысында «Ескерткіш — ел тарихы» атты кең ауқымды экологиялық акция өтті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Шараның негізгі алаңы — Іле өзенінің бойындағы тарихи орын Көшпенділер қалашығы болды. Игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында өтті.

Облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраның 152 нысанында тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға 10 мыңнан астам адам — мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жастар және жергілікті тұрғындар ат салысты.

Экологиялық акцияның дәл Ескерткіштер күні Іле жағасында өтуі — ерекше мағынаға ие. Бұл мекен — ата-бабаларымыздың ізі қалған қасиетті орын. Оны сақтау — баршамыздың ортақ парызымыз. «Таза Қазақстан» жобасы аясында облыстың 373 елді мекені жұмылып, 55 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Бұл — болашақ ұрпақтың саулығы мен табиғаттың әл-ауқаты үшін жасалған маңызды қадам”, — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Осындай бастамалар өңірде игі дәстүрге айналып келеді. Олар қоғамда табиғат пен тарихи мұраға деген құрметті арттырып, ұлттың рухани байлығын ұлықтауға сеп болуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау