«Талқандауға дайын тұрмын»: Айнұр Тұрсынбаева Балғынбекке қолдау білдірді

Редактор
28 янв. 2026 г., 14:36
«Талқандауға дайын тұрмын»: Айнұр Тұрсынбаева Балғынбекке қолдау білдірді

Желіде айтыскерлер арасындағы тартыс қайта қызды. Бұл жолы Балғынбек Имашевке Айнұр Тұрсынбаева ашық қолдау білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Дауға түрткі болған жағдай – Жандарбек Бұлғақовтың әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты әлеуметтік желідегі сыни пікірі. Осыған жауап ретінде Балғынбек Имашев әншіні қорғап, пікірталас онлайн айтыс форматына ауысты. Кейін бұл сөз жарысына Сырым Әуезхан да ілігіп, Айнұр Тұрсынбаеваның есімі де атала бастады.

Нәтижесінде Айнұр Балғынбекпен бірігіп, «жастарға» арнап видеоүндеу жасады. Желі қолданушылары тақырыпты әлі де белсенді талқылап жатыр.

Пікірлерден үзінді:
«Балғынбек пен Айнұр – өз алдына бренд»
«Бұл даудың астары терең»
«Сериалдай күтіп көретін болдық»
«Айнұр мықты айтты»