Талдықорғанда ақша жымқырған шенеуніктердің ісі сотқа жолданды

Редактор
28 янв. 2025 г., 16:11
Талдықорғанда ақша жымқырған шенеуніктердің ісі сотқа жолданды

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

2020 жылдың наурызында мемлекеттік сатып алулар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ЖШС-мен саябақты жөндеу бойынша 1 млрд 92 млн теңге көлемінде жұмыс жүргізу туралы келісім-шартқа отырған. Алайда, Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы, тапсырыс беруші мердігердің пайдасына төлемдерді іске асыру кезінде міндеттемелердің толықтығын қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Материалдық залал мемлекетке толығымен өтелді.

Қазір 3 адамға қатысты тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.