1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қазір әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
Айта кетсек, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.