«Сыртта жүріп қартайып қалыпты»: Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды

Редактор
28.03.2025, 21:45
«Сыртта жүріп қартайып қалыпты»: Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды
Желіде экс-әкімнің фотосы тарады

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек бейнеленген фото тарады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Парақша иесі экс-әкімнің Жапонияда жүргенін жеткізді. Кей ақпараттарға сәйкес, оның мұнда тұрғанына бір жыл болған.

Оқырмандар Байбектің тым қартайып кеткенін айтып, жапондықтарға ұқсап қалғанын жазса, кейбірі оның іскер әкім болғанын еске алып, түрлі пікір білдірді.

Айта кетсек, Бауыржан Байбек 2015-2019 жылдары аралығында Алматы қаласының әкімі болған. Кейіннен «Nur Otan» партиясы басшысының орынбасары болды. Қаңтар оқиғасынан кейін ол мемлекеттік қызметтерінен айырылып, Қазақстандағы белсенді қоғамдық қызметін тоқтатты.

2022 жылы оны Кипр, Түркия және Сауд Арабиясында көрген, онда ол кіші қажылық (умра) жасаған. 2023 жылы оны Германияда байқаған. Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, Байбек Еуропалық пианист Эвелинда Тренкнердің Любек қаласында орнатылған бюстінің демеушісі болған.