$ 467.48
 539.52
 5.73

Шығыс Қазақстандағы телевизиялық мұнарада балалар қамалып қалған

Редактор
07.08.2026, 09:11
112 KZ
112 KZ
Балалар биіктен өздігінен түсе алмай қалған

ШҚО-да ТЖМ қызметкері мен полиция қызметкері балаларды телевизиялық мұнарадан түсіріп алды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Бүгін Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында профилактикалық рейд барысында Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері Архат Нигмашев телевизиялық мұнараның басына шығып кеткен екі баланы байқап қалды. Балалар биіктен өздігінен түсе алмай қалған.

Оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов келді. Архат Нигмашев мұнараға көтеріліп, балаларды төменге түсірді.

Құтқару жұмыстары кезінде полиция қызметкері көмек көрсетті. Қызметкерлердің үйлесімді іс қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау