Суды заңсыз пайдаланғандарға 6,4 млн теңге айыппұл салынды

Редактор
08.05.2025, 14:56
Суды заңсыз пайдаланғандарға 6,4 млн теңге айыппұл салынды
Министрлік көлеңкелі нарықпен күресіп жатыр
Суды заңсыз пайдаланғандарға 6,4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері су заңнамасын бұзған адамдардан жалпы көлемі 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілген.

Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңгеге 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды.

Ведомствоның бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді. 

«Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу мақсатында былтыр министрлік жанынан Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Сондай-ақ су инспекторларының саны 98 адамнан 210-ға дейін артты. Оған қоса, заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға бақылау жүргізу құзыреті берілді. Құжат күшіне енгеннен кейін олар шұғыл әрекет ету шараларын қабылдай алады. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске де өзгерістер енгізіліп, су саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.