Студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған қыздар ұсталды

Редактор
27 янв. 2025 г., 15:24
Студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған қыздар ұсталды

Оралда студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған қыздар ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өткен жылдың қазанында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденген. Сондай-ақ, басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген. 

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.