Сот Перизат Кайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін таратты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Әділет департаментінің тарату туралы талап арызы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, бірлестік алғашқы мемлекеттік тіркеуден 2021 жылғы 11 қазанда өткен.
Бірлестіктің құрылтайшылары ретінде 10 адам көрсетілген, олардың есімдері құрылтай жиналысының хаттамаларында тіркелген, соның ішінде Перизат Кайрат та бар.
Тергеу барысында жүргізілген қолтаңбатану сараптамасының қорытындысына сәйкес, құрылтай құжаттарындағы 10 адамның 9-ының атынан қойылған қолдар Перизат Кайратқа тиесілі екені анықталды.
Еске сала кетсек, Перизат Кайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге және Палестина тұрғындарына гуманитарлық қолдау көрсетуге жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.