Маңғыстау полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілген іс-шараларға орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің барлық бөлімшемі күшейтілген қызмет атқару режиміне көшірілді.
"Өткізілген шаралар барысында 236 автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылып, заңнама талаптарын бұзған 388 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полиция.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жарияланған барлық бейнематериалдар бойынша шаралар қабылданған.