$ 457.21
 534.62
 6.08

Шымкентте полиция басшысының орынбасары зорлау фактісі бойынша күдікке ілінді

Редактор
30.06.2025, 18:00
Фото: kaztag.kz.
Фото: kaztag.kz.
Тергеу жүргізіліп жатыр

Шымкентте Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұманов зорлау дерегі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, ер адамға қатысты арызды әріптесі – құқық қорғау органдарының қызметкері жазған. Әйелдің қазір жүкті екені атап өтілді.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді Тұран аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалған, - деп жазды журналист.

Шымкент қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

 «Әйел адамның арызы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір істің мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

 

 

 

Бұл іс қоғамның жіті назарында. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпараттар жария етіледі деп күтілуде.