Шымкент, Атырау, Ақтөбе: терроризмді насихаттағандарға үкім шықты

Редактор
24.06.2025, 17:12
Шымкент, Атырау, Ақтөбе: терроризмді насихаттағандарға үкім шықты
Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді

Қазақстанның бірнеше өңірінде терроризм бойынша сот үкімдері шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ҰҚК мәліметінше, Шымкент қалалық соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағы адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды.

Бұдан бөлек, маусымда Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен бірге, фигуранттардың жалпы қылмыс жасағаны және террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.

Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.

Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасуда.