Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратқа сәйкес, Алтай ауданының полиция бөлімінің тергеушілері 16 жасқа толмаған екі жасөспірімге қатысты бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Белгілі болғандай, қылмыс жасалған кезде күдіктілердің бірі құқық қорғау органдарының қызметкері болған.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өз қызметкерлері бұл қылмысты анықтағанын растады.
Қазір қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Жұмағұлов құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылды, – делінген ресми хабарламада.
Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.