«Шетінеп кетті» делінген қазақ қызы 25 жылдан кейін ата-анасымен қауышты

Редактор
02.09.2025, 08:00
«Шетінеп кетті» делінген қазақ қызы 25 жылдан кейін ата-анасымен қауышты
Әлеуметтік желіде АҚШ-та өскен қыздың Орал әуежайында өзінің туған ата-анасымен қауышқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желіде АҚШ-та өскен қыздың Орал әуежайында өзінің туған ата-анасымен қауышқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
«Мой город» басылымының жазуынша, 2000 жылы БҚО тұрғынына оның жаңа туған қызы қайтыс болды деп хабарлаған. Алайда 25 жылдан кейін сәбидің тірі екені анықталып, ол жылдар бойы шетелде басқа отбасында тәрбиеленгені белгілі болды. Қыз Қазақстанға асырап алған әкесімен бірге ұшып келіп, туғандарымен кездесті.
 
Көптен күткен бұл қауышудың кадрлары мыңдаған қаралым жинады. Видеоны бойжеткеннің апасы Айгүл жариялаған.
 
Бейнероликтегі мәліметке сәйкес, баланың жоғалуына қатысы бар болуы мүмкін деген үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.