Шетелдік демеушілерден ақша алған кімдер? 200-ден аса адамнің тізімі жарияланды

Редактор
18.03.2025, 21:00
Шетелдік демеушілерден ақша алған кімдер? 200-ден аса адамнің тізімі жарияланды
Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында шетелден қаржыландыру алған адамдардың кезекті тізілімін жариялады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.  

Ақпаратқа сәйкес, 2023-2024 жылдары мәліметтерді 295 адам ұсынған, оның ішінде тұрақты түрде 118 адам, мерзімді деректі 96 адам, бір реттік деректі 81 адам берген.

2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд теңге сомасына 267 тұлға ұсынды (2023 жылғы 1 жартыжылдықта - 14,3 млрд. теңгеге 239 адам, 2023 жылғы 2 жартыжылдықта - 14,4 млрд. теңгеге 192 адам).

2024 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд.теңге сомасына 218 тұлға ұсынды (2024 жылғы 1 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 200 адам), – делінген хабарламада.

Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келетіні атап өтілді.