Шерзаттың өлімі: сот сәуірдің онында басталатын болды

Редактор
31.03.2025, 22:40
Шерзаттың өлімі: сот сәуірдің онында басталатын болды
Атышулы іс Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық түрде қаралмақ деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Атышулы іс Талдықорған қаласындағы  Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық түрде қаралмақ деп хабарлайды bairaqmedia.kz

 

Іс бойынша алдын-ала тыңдауды 2025 жылғы 10 сәуір сағат 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында, ашық сот отырысында өткізу тағайындалды, - деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

Жасөспірімнің қазасына қатысты іс материалдары 62 томды құраған болатын. 3 айдан аса уақытқа созылған тергеу барысында 40 түрлі сараптама жүргізіліп, 200-ге тарта куәгерден жауап алынған. Сонымен қатар, күдіктілердің оқиға орнындағы жауаптары тексеріліп, қатысушылар арасында беттестіру өткізіліпті. Оқиға орнында түсірілген 8 бейнематериал зерттелген. 

Еске салсақ, қанды қылмыс өткен жылдың қазан айында Талғар қаласында болған еді. Азық-түлік дүкенінде сатып алушы мен 10-шы сынып оқушысының арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты.