Шерзат ісі: келесі сот отырысының күні белгіленді

Редактор
19.04.2025, 00:20
Шерзат ісі: келесі сот отырысының күні белгіленді
Уақыт мамырдағы демалыс күндеріне байланысты өзгерді

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Судья Ержан Жанұзақов келесі сот отырысын 28 сәуір сағат 10:00-ге тағайындады. Одан кейін 29 сәуір, 5-6 мамыр сағат 10:00-де өтеді. Сот отырысының күндері мамыр айындағы демалыс күндеріне байланысты өзгерді.

Еске сала кетсек, алғашқы болып жәбірленушілер: Жұмабике Қадыровадан (Шерзат Полаттың әжесі), Гүлбара Бейшенбиевадан (Шерзат Полаттың анасы), Қаржаубай Нұрымовтан (Шерзат Полаттың әкесі) жауап алынды.

Сондай-ақ, іс бойынша куәлар — Мирас Сейсенбай мен Эльмира Нұрбекова да жауап берді.