Шерзат ісі бойынша қамалғандардың тойлатуына жол берген басшылық жазаланатын болды

Редактор
17 февр. 2025 г., 00:00
Шерзат ісі бойынша қамалғандардың тойлатуына жол берген басшылық жазаланатын болды

Әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап жатқаны бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты Алматы облысы полиция басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бейнежазбадан ұсталғандардың сусын ішіп, торттағы шамдарды үрлеп, «Алиса» қосымшасынан Қайрат Нұртастың «Туған күн» әнін қоюды сұрап жатқанын көруге болады.

Қамаудағылардың бірінің туған күнін атап өту сәті жазылған бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, осы құқықбұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданғаны атап өтілді.