Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты соттың жарыссөзі жалғасып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бүгін процесте айыпталушылардың аналары, енді бірінің жұбайы сөз сөйледі. Бәрі де сотталушылардың кінәсіз екенін жарыса айтты. Жарыссөз барысында басты айыпталушы Абзал Шынасылдың анасы көзіне жас алды. Еске салайық, кеше прокурор Шерзатқа пұшақ сұқты деп айыпталған Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Айыпталушылардың қорғаушылары сөйлеп болған соң, олардың өздері сөз алды. Қанды оқиға бойынша айыпталып жатқан 9 жігіт те қылмысқа қатысы жоғын алға тартуда.
Еске салайық, прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл, кісі өлтіруге оқталғаны үшін Равиль Сакиевке 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа 9 жыл, ал бұзақылық бойынша айыпталған қалған 4 жігітке, оның ішінде даудың басталуына себеп болған Дархан Әскентайға 7 жыл жаза сұрады. Ал, қылмыс туралы жасырған кәмелетке толмаған айыпталушыны 1 жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.