Шерзат ісі: айыпталушылар соттағы соңғы сөзін айтып жатыр

Редактор
03.06.2025, 17:00
Шерзат ісі: айыпталушылар соттағы соңғы сөзін айтып жатыр
Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта айыпталушылар соңғы сөзін айта бастады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта айыпталушылар соңғы сөзін айта бастады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бірінші болып ағайынды Тоқтаубаевтардың кішісі сөз алды. Азамат Тоқтаубаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Ол судьядан әділ жаза тағайындауды сұрады. Айыпталушы кішкентай балалары барын тілге тиек етті. 

Сөз соңында ол процеске қатысушылардан, бұған қоса өзінің анасынан кешірім сұрап, өлең жолдарын арнады.

Анашым амал бар ма мына сорға, бүркіт ем аспан ұшқан түстім торға, - деді айыпталушы Азамат Тоқтаубаев.