Астанадағы ұзақ жылдар бойы жол қауіпсізідігін бақылаған «Сергек» жүйесін енді арабтар басқаратын болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жасанды интеллектіге негізделген қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесін Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясының жүйесі өз бақылауына алмақ. Себебі 13 наурыздан бастап «Сергек» жүйесінің мердігері мен қала әкімдігі арасында жасалған келісімнің мерзімі аяқталады.
Бұл туралы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов айтуынша, жаңа жүйеде бұған дейін байқалған барлық кемшіліктері ескеріледі. Камералар үздіксіз жұмыс істеуі үшін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
«Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Presight компаниясы G42 холдингінің құрамына кіреді. Ол да жүйені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыратын болады. Жоба 2025-2030 жылдарға жоспарланған. Инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге», - деді Сүлейманов.
«Сергек» жүйесі Астанада 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.