Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады. Бұл әрине, Токио Олимпиадасымен салыстырған жақсырақ көрсеткіш, алайда, алтыннан үміт күткен спортшылардың жаппай жеңілуі қазақ қоғамында айтарлықтай резонанс тудырды. Сонымен қатар, миллиондаған ақша жұмсап алдырған легионерлер де Парижден дымсыз қайтты. Бұл да отандық жанкүйердің ашуын тудырып отыр. Қазір екінің бірі Қазақстан спортына реформа керек дегенді айтып жүр. Ол қандай реформа, нені өзгерту керек? Бүгінгі шығарылымда спорт журналисі Есей Жеңісұлымен осы мәселені талқыладық.