Қазақстанда қымбат тауарларға салық мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, салықтық реформа аясында кейбір тауар санаттары үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылып отыр. Бұл бастама «Сән-салтанат салығы» деп аталмақ.
Осылайша, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығының мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр. Бұған қоса, құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланған.
Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік ішімдіктер мен сигараларға 10% акциз енгізу ұсынылды.