«Сәлем салуды жабайылыққа теңеп көкіп отыр»: белгілі ақын Баян Алагөзоваға шүйлікті

Редактор
17.03.2025, 20:15
«Сәлем салуды жабайылыққа теңеп көкіп отыр»: белгілі ақын Баян Алагөзоваға шүйлікті
Оның айтуынша, соңғы жылдары қазақтың ұлттық құндылықтарына жүйелі түрде шабуыл күшейіп кеткен

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты даулар соңғы жылдары жиілеп барады. Бұл ретте елдің рәміздерін қорлағандар мен ұлттық дәстүрлерді кемсіткендерге қатысты жазаны күшейту керек. Бұл туралы белгілі ақын, Ұлттық құрылтай мүшесі Біржан Байтуов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, соңғы жылдары қазақтың ұлттық құндылықтарына жүйелі түрде шабуыл күшейіп кеткен.

Туымызды қорлаған әнші, киіз үй мен ұлттық тағамдарымызды қорлаған лгбт өкілдерінің ешқайсы жазаға тартылмады. Ал кеше ғана продюсер Баян апайымыз мың жылдар бойы қалыптасқан қазақ келіндерінің сәлем салу дәстүрін жабайылыққа теңеп көкіп отыр. Ал біз беташарымызды ЮНЕСКО ның материалдық емес мұралар тізіміне енгіздік деп бөркімізді аспанға атып мәз боп жүрміз. Сол беташардың негізгі элементі сәлем салу емес пе? Бұл үшін Баян апайды тағы да ешбір жауапқа тарта алмасымыз анық. Өйткені бұл жағынан заңымыз солқылдақ болып тұр. Олар да осыны біледі. Білгесін аузына келгенді оттап құтырады, – деп жазды Біржан Байтуов.

Осыған байланысты ол ұлттық құндылықтар мен қазақ халқы үшін қадірлі дүниелерге тас атушыларды заңмен жауапкершілікке тарту керек деп есептейтінін жазды.