Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шықты: бас бапкер себебін түсіндірді

Редактор
22 янв. 2025 г., 16:58
Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шықты: бас бапкер себебін түсіндірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Pluste Bol бағдарламасында ұлттық құрама туралы сұрақтарға жауап беріп, Сәкен Бибосыновтың құрама санынан неге шығатынын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, алда ұлттық құрама боксшыларын Испанияда оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Негізінен, құраманың 3-4 нөмірлерін сынау мақсатында апармақшы.

Содан кейін Болгарияда өтетін Странджа кубогына қатысамыз және тағы бір жиын жоспарлап отырмыз. Болгариядан кейін Ресейде қосымша жиындар ұйымдастырып, құраманың нақты мүшелерін анықтаймыз. Сәкен Азия чемпионатының алдында белінен жарақат алғандықтан, ол алдағы жиындарға қатыспайды, деді бас бапкер.