Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Судья Әбінұр Қарабаевтың шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сотталушы жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.