Ринат Зайытов: Шалғай ауылдағы баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

Редактор
19.03.2025, 18:00
Ринат Зайытов: Шалғай ауылдағы баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек
Мәжілістің жалпы отырысында саяси реформалар сөз болды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет алдына көтеріп жүрген мәселелерді ұсақ, болмашы деп сын тағатындарға жауап берді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мен бұл сынмен келіспеймін. Біз – бір мемлекетпіз. Ұсақ-ірі демей әр мәселеге бірдей жұмылуымыз керек. Шалғайда жатқан ауылдағы бір баланың тісі ауырса, оған облыстағы әкімнің басы, Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек. Жұмыла көтерсек қана, жүгіміз жеңілдейді, – деді депутат.

Айтуынша, Мәжілістің бүгінгі құрамы қазақтың ертеңіне жарайтын заңдар шығарып жатыр.

Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатыр. Мәжілісте апта сайын сауал жолдап, үкімет мүшелерін сұрақтың астына алып жатқан депуттарға қарап халықтың ойындағы өшкен үміт қайта тірілді. Көтерілмей қалған мәселе, айтылмай қалған ой жоқ. Осылайша, қоғамды толғандыратын көптеген мәселе шешімін тауып, елдің іргесі беки түсті. Әрбір игі іс жүзеге асқан сайын халықтың билікке деген сенімі артып келеді. Халықтың үні, тағдыры мен болашағы, өмірі мен өзегі, ол – Парламент, - деді Ринат Зайытов.

Айта кетсек, бүгін Мәжілістің жалпы отырысы пезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналды.