Қазақстандық режиссёр әрі қоғам қайраткері Ермек Тұрсынов елге оралды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұл туралы саясаткер Болат Әбілов Facebook-тегі парақшасында жазды.
“Ермек қысқа мерзімді жеке сапардан оралды, кездесіп, сөйлесуге мүмкіндік туды. Елде бәрі тыныш деп әзілдейміз, сондықтан тыныш емес дүниелерді талқылаймыз. Оның әлі талай идеялары бар, әрі мен оның қызықты туындыларын әлі де көретінімізге сенемін. Жалпы, мен қарапайым, бірақ маңызды ақиқатқа сенемін: ең жақсысы, ең шынайысы және ең маңыздысы – алда,” – деп жазды саясаткер.
Айта кетейік, 2025 жылдың мамыр айында режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кеткенін хабарлады. Facebook желісіндегі бірнеше жазбасында ол елде өзіне қысым күшейіп, шығармашылығына жүйелі түрде тыйым салынып, өзін тіпті "жемқор, ұры" ретінде айыптай бастағанын жазды. Ол мәдениет саласындағы саясатты сынап, елде шығармашылық иелеріне еркіндік қалмағанын алға тартқан.