Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, күдіктілер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші олардың айтқан жеріне қарай бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты, – делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.