Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Редактор
10 янв. 2025 г., 15:36
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада жергілікті кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған.

20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.