Қытайлық қандасымыз төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Редактор
23 нояб. 2024 г., 00:47
Қытайлық қандасымыз төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Қытайлық қандасымыз Ақнар Адақ конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Әйелдер арасындағы командалық жүгіру бәсекесінде Қытай құрамасы 3 минут 2.20 секунд нәтижемен топ жарды. Осылайша, Ақнар Адақ төрт құрлық чемпионатынның чемпионы атанды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

қытай
Фото: Синьхуа

Конькиші Ақнар Адақ - Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5000 метрлік жарысында — «алтын», 3000 метрде — күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.