Қытайдағы қазақ қызы Азияда ойындарында алтын алды

Редактор
11 февр. 2025 г., 23:51
Қытайдағы қазақ қызы Азияда ойындарында алтын алды

Қытайдағы қазақ қызы Азияда ойындарында алтын алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақнәр Ардаққызы конькимен жүгіру спортында Қытай командасының сапында өнер көрсеткен. Ол 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген.

Спортшы бұған дейін де Қытай атынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысқан.

Осы бірнеше күнде менің жарысымды көріп, қоладап-қуаттап, мақтап, марапаттап жатқандарыңызды көріп жатырмын. Туған еліме, халқыма рақметімді айтамын, – деді Ақнәр Ардаққызы.