Желіде 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңілілердің бірі Құндыздың қол-аяғы байлаулы күйде жерде жатқан суреті таралып, қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласына арнайы барып, Құндызбен тілдескен.
Журналист өз жазбасында суреттің тарихын Құндыздың өзінен сұрап білгенін атап өтті.
Сонымен қатар ол: «Егер Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой. Мен өз басым Құндызға сенемін!» деп жазды.
Сондай-ақ аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. «Посттың жалғасы бар…» деп толықтырды журналист.