Құндыздың Руслан Өтепбайға қатысты айтқан сөзі желіде қызу талқыланып жатыр

Редактор
28 янв. 2026 г., 15:25
Құндыздың Руслан Өтепбайға қатысты айтқан сөзі желіде қызу талқыланып жатыр

17 жыл бойы құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты айтқан сөздері қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Құндыз журналистің атына ауыр сөздер айтып, агрессияға толы мәлімдеме жасаған. Оның айтқан сөздері көпшіліктің жағасын ұстатты.
Аталған жағдайдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп,

Құндыздың әрекетіне түсінбестік танытты. Кейбірі журналист Руслан Өтепбайдың бұл істегі еңбегін еске алып, оның мұндай сөздерге лайық емес екенін жазса, енді біреулері Құндыздың бұл әрекетіне сыртқы ықпал болуы мүмкін екенін алға тартты.

Желіде: «Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе…», «Зүлфия Русланды жамандап тастаған сияқты», «Бұл сөздерді біреу жаттатып қойғандай», «Ішіп алған ба?» деген пікірлер жиі кездесуде.