Сүйіктісіне қол көтерді деп басы дауға қалған Шәріп Серіп жасанды интеллекттің көмегімен видео жасаған авторды сотқа берді. Онда түрмеде актерді Қуандық Бишімбаев жұбатып отырғаны көрсетілген деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл туралы Instagram желісінде сол бейнежазбаның авторы хабарлады. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің көмегімен видео жасаған адамды сотқа бергенін Шәріп Серіктің өзі де блогер Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында растаған.
Серік бұл бейнежазба оның көңіліне ауыр тигенін айтты.
Мен бұл бейнежазба таралған соң, жала жабу және қорлау фактілері бойынша киберполицияға арыз жаздым, — деді ол сұхбатында.
Ал, видеоны ң авторы өз жұмысының "зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымды шығармашылық тұрғыдан жеткізу" екенін және оның "Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол жоқ" деген атаумен жарияланғанын түсіндірді.
Мен кез келген зорлық-зомбылықты, шапалақ салудан бастап ауыр қылмысқа дейінгі зорлықты айыптаймын. Зорлық-зомбылық қоғамдағы қадірді, ар-ожданды және негізгі құндылықтарды бұзады, - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шәріп Серіктің жүріп жүрген қызы Әлия Бутеева актердің өзін соққыға жыққаны туралы мәлімдеген болатын. Блогер қыздың басынан кешірген зорлық-зомбылығы жайлы белгілі болған соң, Sәlem Entertainment компаниясы актермен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады. Ал, Шәріп Серіктің өзі бұл әрекеті үшін 5 тәулікке қамауға алынған еді.