ҚҚС мөлшерін арттыру: Мәжіліске салық кодексіне қатысты түзетулер енгізілді

Редактор
20 февр. 2025 г., 22:50
ҚҚС мөлшерін арттыру: Мәжіліске салық кодексіне қатысты түзетулер енгізілді

Бүгін Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz..

Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:

- Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;

- Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;

- Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу –   тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.