Қазақстанда құрылыс салушылар үшін 16%-дық қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасы енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин хабарлады.
Құрылыс бизнесі үшін ҚҚС көлемі 16% болмақ. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, бұл бизнесті көлеңкеден шығару үшін қажет тәсіл. Бұл бағаның өсуіне әкелуі мүмкін.
"Инфляция шамамен 3% өседі. Әрине, баға өседі. Барлық тауар, әсіресе азық-түлік емес тауарлардың бағасы көтеріледі. Құрылымды есептесеңіз, тек ҚҚС есебінен бағаға байланысты 2,7-3%", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына пайдаланылған материалдар ескі бағамен алынғандықтан, салынып біткен пәтерлер қазіргі бағамен сатылады