ҚҚС – 16%, шекті мөлшер – 40 млн теңге: салықтан босатылатын салалар аталды

Редактор
9 апр. 2025 г., 16:12
ҚҚС – 16%, шекті мөлшер – 40 млн теңге: салықтан босатылатын салалар аталды

Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының мөлшері 16% болады, шекті мөлшер 40 млн теңге деп белгіленді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы салынбайды.

Жаңа Салық кодексінің жобасында депутаттардың ұсынысы бойынша мынадай салық ставкалары сақталды:

– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосымша құн салығынан босатылады;

– әлеуметтік салада, денсаулық сақтауда қосымша құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін Үкімет анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге 10% қосымша құн салығы салынады;

– әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға;

– арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі;

– ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады;

– өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады;

– Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынатын болады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді.