Қосымша құн салығын көтеру қажет - үкімет басшысы

Редактор
28 янв. 2025 г., 16:50
Қосымша құн салығын көтеру қажет - үкімет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Кеңейтілген отырыста баяндама жасап сөз сөйлеген премьер-министр Олжас Бектенов құн салығы туралы сөз қозғады.

Айтуынша, елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20-% өсіру көзделіп отыр.  Алайда бұл қадам  бағалардың күрт өсуіне жол бермейді. 

Негізгі салық жүктемесі еңбекақы төлеу қорына, яғни өзіндік құнға түседі. Тауар сөреге түскенге дейін де кәсіпкер салықтың көп бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбекақы төлеу қорына жүктемені оны сатуға ауыстыру арқылы азайтуды ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет. Біз ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз. Бұл сегментке айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймыз. Кейбір елдерде шекті деңгей одан да төмен. Осының арқасында қосымша 300 мыңға жуық жаңа салық төлеушілер пайда болады»,, – дейді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бүгінгі таңда тіркелген 2,3 миллионнан астам салық төлеушілердің 137 700-і бизнес субъектісі ретінде қосымша құн салығын төлеуі керек. Бұл барлық тіркелген қазақстандықтың 6%-ын құрайды. Бірақ олардың тек 88 мыңы қосымша құн салығын төлейді.