Қостанайда дәрігерге қарақшылық шабуыл жасалған күдіктілер ұсталды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдтілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болған. Олардың арасында жанжал болып, содан кейін күдікті таныстарын кек алуға шақырған. Күдікті мен оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болған кезде оны ұрып-соғып, ойыншық тапанша мен пышақпен қорқытқан.
Зорлық-зомбылық жасаумен қорқытып, олар ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңге болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды, – делінген полиция хабарламасында.
Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі. Күдіктілердің үшеуі де тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмыс үшін олардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.