Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 22 қарашада «Качары Руда» АҚ аумағында болды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Вахталық көліктің жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпустың алдында қозғалыс бастап, маневр жасағанда басқа вахталық көліктің жүргізушісін басып кетті. Қызметкер алған жарақатынан көз жұмды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Качары Руда» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдау көрсетеді. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.