Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қоспаевтың қылмыстық тобына үкім шығарды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Сотталушылар саны – 11 адам.
Соның ішінде - Елдос Қоспаевқа 15 жыл, Айдос Қоспаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Олар жазаларын қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтейтін болады.
Айта кетейік, ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді басып алды деген айыппен қамауға алынған болатын.