Қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтың жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

Редактор
25.07.2025, 19:35
Қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтың жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі EC-145 тікұшағының радардан жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі EC-145 тікұшағының радардан жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.

Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады", - делінген хабарламада.