Қобыздың көмегімен жұртты дертінен айықтырмақ болған емші қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Желіде тараған видеода бақсы аспаппен әлдебір жігітке шипа дарытуға тырысуда. Ақ орамал таққан әйел қобыздың сүйемелдеуімен әндете жөнеледі. Осындай жолмен ол науқастарға дем салып жатқан көрінеді.
Ал, желі қолданушылары бақсының бұл әрекетінің емдік әсеріне күмәнмен қарауда. Бірі қобыз ұстаған әйелдің психикалық ауытқуы бар десе, енді бірі видеоны көріп күлкіге қарық болғанын жазды.
Дем салып жатқан әйелдің Халық емшілері қауымдастығында бар-жоғы да белгісіз.